Алдағы күндері еліміздің кейбір аймақтарында үсік жүріп, қатты жел соғады

11 Қыркүйек 2017, 10:18
0
Алдағы күндері еліміздің кейбір аймақтарында үсік жүріп, қатты жел соғады - © Tengrinews.kz
© Tengrinews.kz

Еліміздің кейбір аймақтарында үсік жүріп, қатты жел болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.

"Астана қаласында 10-11 қыркүйекте оңтүстік-шығыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с болады. Ал Жамбыл облысында 11 қыркүйекте түнгі уақытта кей жерлерде найзағай, бұршақ жаууы, дауыл соғуы мүмкін. Сондай-ақ, батыс, оңтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде 15-20, күндіз 11-12 қыркүйек түнде екпіні 23-28 м/с күшеюі күтіледі", - деп ескертті синоптиктер.

Синоптиктердің мәліметінше, 11 қыркүйекте Ақтөбе облысының кей жерлерінде де солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с күтіледі.

"11 қыркүйекте Оңтүстік Қазақстан облыстың кей жерлерінде найзағай күркіреп, батыстан 15-20 м/с жел күтіледі.
Алматы облысында 11 қыркүйекте кей жерлерде найзағай соғады. Батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20, күндіз екпіні 25 м/с. Талдықорғанда11 қыркүйекте найзағай күтіледі. Батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. 11 қыркүйекте тәулік бойы Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай, жел түнде кей жерлерде, күндіз кей уақытта 15-20 м/с күтіледі", - деді "Қазгидромет" өкілдері.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай