Алдағы күндері еліміздің төрт облысында 43 градусқа дейін ыстық болады

29 Тамыз 2017, 15:38
0
Алдағы күндері еліміздің төрт облысында 43 градусқа дейін ыстық болады - © pexels.com
© pexels.com

Алдағы күндері Қазақстанның бірнеше облысында ауа температурасы 43 градусқа дейін жоғарылайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.

"30 тамыз - 1 қыркүйек аралығында Қызылорда облысының кей жерлерінде солтүстік-шығыстан 15-20 м/с жел, шаңды дауыл, 43 градус қатты ыстық сақталады. 30 тамызда Маңғыстау облысы бойынша кей жерлерде күндіз 40 градусқа дейін қатты ыстық күтіледі", - деп хабарлады синоптиктер.

Сондай-ақ, ертең, 30 тамызда Қостанай облысының кей жерлерінде 35 градус қатты ыстық күтіледі.

Ақмола облысының тұрғындарына да ауа температурасы жоғарылайтыны жайлы хабарлама келген. 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай