23 мамыр 2018 13:01

Алдағы күндері жаңбыр жауып, дауыл тұрады - Синоптиктер

ПОДЕЛИТЬСЯ

© pexels.com © pexels.com

Синоптиктер 2018 жылы мамырдың 24-26 аралығында ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап. Синоптиктер Қазақстанның көптеген облысында жаңбыр, найзағай және желдің дауылды күшеюі күтіледі деген болжам жасады. 


Синоптиктер 2018 жылы мамырдың 24-26 аралығында ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап. Синоптиктер Қазақстанның көптеген облысында жаңбыр, найзағай және желдің дауылды күшеюі күтіледі деген болжам жасады. 

"Қазақстанның солтүстік облыстарында кеше ғана жауын-шашын туындатқан суық арктикалық фронттар шығыс бағытында жылжып келеді. Алдағы тәуліктерде елдің оңтүстік-шығысы мен шығысында жаңбыр жауып, ауа температурасы төмендейді", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, қалған аймақтың ауа райына Поволжьядан келетін антициклон ықпал етеді екен. "Оның ықпалы қысқа мерзімді болады, себебі Баренцев теңізінің үстінде кезекті арктикалық фронттар қалыптасуда, ол 25 мамырда күндіз солтүстік облыстарға жетіп, оңтүстік және оңтүстік-шығыс бағытта жылжи бастайды. Осыған байланысты тек оңтүстікте және 25-26 мамырда республиканың оңтүстік-шығысында басымырақ жауын-шашынсыз ауа райы күтілуде. Қазақстанның қалған аумағына жаңбыр жауып, найзағай жарқырап, желдің дауылды күшеюі күтіледі", - дейді иноптиктер.

24 мамырда Солтүстік Қазақстан облысында дауылдық ескерту жарияланды.

"Оңтүстік-батыс, батыс желінің күші скундына 15-20 метр, кей жерлерде екпіні секундына 23-28 метр күтіледі. Кей жерлерде найзағай жарқылдап, бұршақ жаууы ықтимал. Петропавловск қаласында 24 мамырда оңтүстік-батыс, батыс желінің күші секундына 15-20 метр, екпіні секундына 25 метр күтілуде. Күндіз найзағай жарқылдап, бұршақ түсуі мүмкін", - делінген хабарламада. 

Синоптиктер Астанадағы кенеттен болған дауылды түсіндірді

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети