15 тамыз 2016 | 18:02

Алдағы күндері қандай ауа райы күтіледі?

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Синоптиктер 2016 жылдың 16-18 тамыз күндеріне арналған ауа райы болжамын жария етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Синоптиктер 2016 жылдың 16-18 тамыз күндеріне арналған ауа райы болжамын жария етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.

"Қазақстанның барлық ауданында антициклонның әсері сақталады. Ауа райы бұрынғыдай ыстық, жауын-шашынсыз болады. Ауа температурасы алдағы үш күнде әдеттегіден 4-10 градусқа жоғары болмақ", - деп хабарлады мамандар.

Синоптиктердің мәліметінше, еліміздің таулы аудандарында және оңтүстік-шығыс аймақтарында өткінші жаңбыр жауады. Сондай-ақ, республикамыздың шығысында және оңтүстік-шығысында еліміздің басқа аумақтарымен салыстырғанда ауа температурасы нормадан төмен болады деп күтіліп отыр.

Осыған дейін синоптиктер тамыз айында ауа райы қандай болатынын айтқан еді. "Бір айға орта есеппен алғанда Атырау, Маңғыстау, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы облысының көп бөлігі, Батыс Қазақстан, Қарағандының кей жерлерінде және Ақтөбе облыстарында ауа температурасы 23-30 градусты құраса, еліміздің басқа аймақтарында 15-22 градус болады, 1-2 градус нормадан жоғары өңірлер: Қостанай, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстары, қалған облыстарда нормаға сай болады", - деді синоптиктер.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети