17 тамыз 2016 16:11

Алдағы күндері қандай ауа райы күтіледі?

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Синоптиктер 18-20 тамыз күндеріне арналған ауа райы болжамын жария етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" республикалық-мемлекеттік кәсіпорнына сілтеме жасап.


Синоптиктер 18-20 тамыз күндеріне арналған ауа райы болжамын жария етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" республикалық-мемлекеттік кәсіпорнына сілтеме жасап.

"Оңтүстік-батыс тропосферасында қалыптасқан ауа массасының ағыны Қазақстанның көптеген облыстарында сақталған ауа райының аномальды ыстығына өзгерістер әкеледі. Сондықтан алдағы үш күнде ауа температурасы нормаға дейін төмендеп, еліміздің шығысында және оңтүстік-шығысында ауа температурасы нормадан 2-5 градусқа дейін төмен болмақ. Сенбі күні салқын атмосфералық фронттың әсерінен республикамыздың солтүстік, орталық және шығыс аумақтарында өткінші жаңбыр мен найзағайлы ауа райы сақталып, желдің соғуы күшеюі мүмкін. Еліміздің тек батыс бөлігінде ыстық ауа райы сақталып, ауа температурасы нормадан 2-5 градусқа дейін жоғары болады", - деп хабарлады мамандар.

Осыған дейін мамандар тамыз айында ауа райының қандай болатынын айтып берген болатын.Консультациялық болжамның шешімі бойынша бірінші және екінші онкүндігінің бірінші жартысы жылы әрі жауын шашынсыз болады. Ал, екінші және үшінші онкүндігінің соңында суық әрі ылғалды массалардың арқасында суық жаңбырлар болуы мүмкін, соған қарамастан солтүстікте, шығыста және орталық өңірлерде түнгі уақыттарда қатқақ болуы мүмкін.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети