29 тамыз 2016 12:39

Алдағы күндері қандай ауа райы күтіледі?

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Синоптиктер 2016 жылдың 30 тамыз - 1 қыркүйек күндеріне арналған ауа райы болжамын жария етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.


Синоптиктер 2016 жылдың 30 тамыз - 1 қыркүйек күндеріне арналған ауа райы болжамын жария етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.

"Қазақстан үстіндегі тропосферадағы ауа ағынының жылдамдығы 5 шақырым шамасындағы биіктікте болады. Бұл атмосфералық процестердің тез ауысуына апарып соқтырады. Таяу арадағы тәуліктерде суық фронт солтүстіктің, орталық және шығыс облыстарының ауа-райына әсерін тигізіп, кей жерлерде жаңбыр жауып, күн күркіреп, екпінді жел соғады", - деп хабарлады мамандар.

Синоптиктердің мәліметінше, батыс облыстардың ауа-райына антициклон әсер етіп, кейіннен ол республиканың қалған аумағына ауысады. Ал батыс облыстарға 1 қыркүйекте Ресейдің Еуропалық аумағынан кезекті атмосфералық фронт жылжып келіп, соның салдарынан кей жерлерде жаңбыр жауып, жел күшейеді. Сондай-ақ, Қазақстанның көп бөлігінде ауа температурасы нормадан 2-4 градусқа дейін жоғары болса, солтүстік облыстарда нормаға жуық болатыны айтылады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети