09 қаңтар 2017 18:00

Алдағы күндері қандай ауа райы күтіледі?

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Синоптиктер Қазақстанда 10-12 қаңтар күндері ауа райының қандай болатынын айтып берді,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" республикалық-мемлекеттік кәсіпорнына сілтеме жасап.


Синоптиктер Қазақстанда 10-12 қаңтар күндері ауа райының қандай болатынын айтып берді,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" республикалық-мемлекеттік кәсіпорнына сілтеме жасап.

"Қазгидромет" РМК синоптиктерінің мәліметінше, жақын арадағы үш күнде құбылмалы ауа райы күтіледі. "Алдағы тәуліктерде Қазақстанның көптеген облыстары батыс циклонның  ықпалында болады, ол еліміздің батысы мен солтүстігіне қар жаудыртып, боран соқтырып, жабырқаңқы ауарайын туындатады, ал оңтүстік аймақтарда температура жоғарылайды", - деді мамандар.

Сондай-ақ, циклонның батыстан шығысқа қарай жылжуына қарай, температура көтеріліп, орталық, шығыс және оңтүстік облыстарда қар жауу мүмкін екені айтылады. "Осылайша, 10 және 11 қаңтарда солтүстік облыстарда күндізгі  температура -7 градустан -13 градусқа дейін, оңтүстікте 0 - 10 градус аралығында болады деп болжанады. ", - деді синоптиктер. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети