01 ақпан 2017 14:37

Алдағы күндері қандай ауа райы күтіледі?

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Синоптиктер Қазақстанда 2-4 ақпан күндері ауа райының қандай болатынын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" республикалық-мемлекеттік кәсіпорнына сілтеме жасап.


Синоптиктер Қазақстанда 2-4 ақпан күндері ауа райының қандай болатынын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" республикалық-мемлекеттік кәсіпорнына сілтеме жасап.

"Кезекті циклон Батыс Сібір мен Солтүстік Қазақстан арқылы өтеді. Циклон және онымен байланысты атмосфералық фронттар көптеген облыста қар жаудырып, боран соқтырып, көріну қашықтығын 500 метрден кем төмендетеді. Ал желдің күші секундына 15-20 метрге дейін жетсе, солтүстік облыстарда желдің екпіні секундына 23-28 метрге дейін күшейеді", - деп хабарлады мамандар.

Синоптиктердің мәліметінше, Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерінде жауын-шашын болып, қар жауып, тұман басып, күшті батыс желі кейде секундына 23-28 метрге дейін жетіп, температура төмендеп, көктайғақ күтіледі, қар мен тұманның салдарынан көріну 200-500 метрге дейін қысқарады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети