17 шілде 2017 14:45

Алдағы күндері қандай ауа райы күтіледі?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Синоптиктер 18-20 шілде аралығында ауа райы қандай болатыны туралы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.


Синоптиктер 18-20 шілде аралығында ауа райы қандай болатыны туралы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.

"Тұрақсыз ауа-райы республикамыздың шығыс бөлігінде әлі де сақталуда, Батыс Сібір аймақтарынан ылғалды және салқын ауа ағындары келуі жалғасты. Қазақстанның солтүстік, шығыс және орталық облыстарының кей жерлерінде жаңбыр жауып, найзағай болады, екпінді желдің күші секундына 15-20 метр болып, күндізгі уақыттарда бұршақ болуы ықтимал, ауа температурасы шамамен 20-27 градус, қалыпты нормадан 2-4 градус төмен болады деп күтіледі", - делінген хабарламада. 

Республиканың батысы мен оңтүстігінде жоғары қысым аймағы әсерінен, ауа райы жауын-шашынсыз, ауа температурасы нормаға жуық және жоғары болады деп күтіледі. Қазақстанның оңтүстік-шығысында өткінші жаңбыр әсіресе таулы аймақтарда күтіледі.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети