15 наурыз 2017 | 17:12

Алдағы күндері күн суытады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© bigmir)net © bigmir)net

Синоптиктер 2017 жылғы 16-18 наурызға арналған ауа райы болжамын жария етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Синоптиктер 2017 жылғы 16-18 наурызға арналған ауа райы болжамын жария етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.

"Қазақстанның ауа райын алдағы үш тәулікте ауқымды антициклондар анықтайды. Сондықтан, көптеген облыста ауа райы жауын-шашынсыз, салқын және түнде, таңғы уақыттарда тұман болады деп болжанды", - дейді синоптиктер.

Мамандардың айтуынша, температураның төмендеуі Сібір ауа массаларының келуіне байланысты, сондықтан   температура да көпжылдық орташа мәннен 2-6 градусқа төмен болады деп күтіледі екен. Тек республикамыздың  батысында температура нормаға жуық болады.

"Алдағы үш күнде астанамызда жауын шашынсыз. Жел 5-10 м/с болады. Ауаның температурасы түнде -14-18°С, күндіз -5-8°С. 16 наурызда түнде және таңғы уақытта тұман болады. Жақын күндері Алматыда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде тұман болады. Желдің күші - 0-5 м/с. Ауа температурасы түнде -2-4°С аяз, күндіз +3+6°С жылы болады", - деп болжады "Қазгидромет" РМК мамандары.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети