ПОДЕЛИТЬСЯ
11 желтоқсан 2019 | 12:02
Алдағы күндері күн суытады
Синоптиктер 12-14 желтоқсан күндеріне арналған ауа райы болжамын жария етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Синоптиктер 12-14 желтоқсан күндеріне арналған ауа райы болжамын жария етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.
"Атлантикадан жылы ауа массаларын алып келген батыс ағыны солтүстік-батысқа ауысып жатыр. Сондықтан Баренц теңізінен келетін арктикалық суық ауамен республиканың көптеген облысында күннің суытуы, сондай-ақ, қар, кей жерлерде қатты қар, тұман, көктайғақ, солтүстік облыстарда бұрқасын, солтүстік-батыстан екпінді жел күтіледі.
Сондықтан орташа көпжылдықтан 4…10 градусқа жоғары температура желтоқсан айына тән температураға ауысады", - дейді "Қазгидромет" өкілдері.
Показать комментарии
Читайте также