04 қыркүйек 2017 12:31

Алдағы күндері ыстықтың беті қайтады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© pexels.com © pexels.com

Синоптиктер 2017 жылдың 5-7 қыркүйек аралығында ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.


Синоптиктер 2017 жылдың 5-7 қыркүйек аралығында ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.

"Өткен демалыс күндері Қазақстанда ауа-райы жауын-шашынсыз ыстық болды, максималды ауа температурасы +28 - +35 градусқа дейін жетті, ал республиканың оңтүстігінде +38 - +41 градус болды, бұл климаттық нормадан 4-14 градусқа жоғары. Алайда алдағы тәуліктерде Поволжья аудандарынан ығысқан циклон Қазақстан аумағы арқылы шығысқа қарай жылжитын болады", - делінген хабарламада. 

Синоптиктер осы циклонның әсерінен кей жерлерде өткінші жаңбыр жауып, күн күркіреп, найзағай кезіндегі екпінді желдің күші 17-22 метр секундына жетеді деп болжайды мамандар. Циклонның тылына тау тарамы жағынан суық антициклон таралып, соның ықпалынан республиканың солтүстік бөлігінде ғана емес оңтүстігінде де ыстық едәуір әлсірейді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети