03 тамыз 2016 13:06

Алдағы үш күнде 40 градус ыстық күтіледі

ПОДЕЛИТЬСЯ

© delfi.lv © delfi.lv

Алдағы үш күнде 40 градус ыстық күтіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап. Синоптиктер 2016 жылдың 4-6 тамызына арналған ауа райы болжамын жария етті.

Мамандардың айтуынша, Қазақстанның шығыс бөлігінің ауа райын анықтайтын биік циклондар толып, Батыс Сібірге көше бастады. Бірақ таяудағы екі тәулікте олармен шығыста, оңтүстік-шығыста және орталықта кей жерлерде найзағай ойнап, өткінші жауын жауады, ауа температурасы әдеттегіден 2-3 градуқа төмен болады екен.

"Қазақстанның қалған аумағы жоғары атмосфералық қысым алаңында болады. Мұнда әсіресе жауын-шашынсыз, республиканың батысында, солтүстік-батысында және оңтүстігінде 3-7 градус климаттық нормадан жоғары, 30-35, кей жерлерде 36-41 градус ыстық жоғары температурамен ыстық ауа райы болжануда", - дейді синоптиктер.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети