Синоптиктер ауа райы жауын-шашынды болады деп болжады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.
Синоптиктер ауа райы жауын-шашынды болады деп болжады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.
"Ресейдің еуропалық бөлігінен атмосфералық фронттар Қазақстан аумақтары арқылы жылжиды, сонымен байланысты алдағы 3 тәулікте еліміздің көктеген облыстарында сулы қар жауып, тұман және көктайғақ болады деп болжануда. Оңтүстік және оңтүстік-шығыс аумақтарының ауа райы Каспий теңізінің оңтүстігінде қалыптасқан циклон және онымен байланысты атмосфералық фронттармен жауын-шашын, басым түрде жаңбыр түрінде, түнгі және таңертеңгі уақыттарда жаңбырдың соңы сулы қарға айналуы мүмкін деп күтілуде, тұман болжанады", - делінген хабарламада.
Сонымен қатар, ауа температурасының климаттық мәндерден 3-5 градусқа жоғары болатыны, ал 30 наурызда Республиканың батысында, температура осы кезеңдерге сәйкес қалыпты нормадан 2-4 градусқа төмен болады деп күтілетіні айтылады.