Синоптиктер 2016 жылыы 6-8 желтоқсан аралығына ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Синоптиктер 2016 жылыы 6-8 желтоқсан аралығына ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Қазақстан тұрғындарын алдыңғы үш тәулікте - қар жауып, боран, қатты батыс желі және көктайғақ - міне, осылар күтеді. Осы барлық метеорологиялық құбылыстар - Ресейдің Еуропалық бөлігінен Батыс Сібірге жылжыйтын циклондармен байланысты болады. Ал, осы циклондар жүйесіне кіретін, фронттар - осы барлық құбылыстарды туындатады. Көруді 200-500 метр нашарлататын боран және көктайғақ, әсіресе қауіпті. Республиканың оңтүстігіне және оңтүстік-шығысына қайтадан оңтүстік циклон әсерін тигізетін болады. Онымен байланысты басымырақ жаңбыр түріндегі жауын-шашын, сондай-ақ тұман және көктайғақ күтілуде. Ауа температурасы климаттық нормадан 3-6 градус жоғары сақталады", - делінген ведомствоның сайтында.