"Әлем.XXI ғасыр" манифесі - Қазақстанның әлемнің барлық халқына соғысқа қарсы жаһандық жолдауы - Майлыбаев

21 Қазан 2016, 16:46
0
"Әлем.XXI ғасыр" манифесі - Қазақстанның әлемнің барлық халқына соғысқа қарсы жаһандық жолдауы - Майлыбаев - © kazembassy.gr
© kazembassy.gr

ҚР Президентінің Әкімшілігі басшысының орынбасары Бағлан Майлыбаев "Н. Назарбаевтың "Әлем. ХХІ ғасыр" манифесі және қазіргі заманның жаһандық сын-тегеуріндері" атты халықаралық саясаттанушылар конгресі барысында ҚР Президенті Н. Назарбаевтың "Әлем. ХХІ ғасыр" манифесі - дүниежүзілік тұрақтылық пен қауіпсіздікке қатысты бірлескен әрекеттер алгоритмі деген пікір айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі strategy2050.kz сайтына сілтеме жасап. 

"Н. Назарбаевтың "Әлем. ХХІ ғасыр" манифесі - Президенттің әлемнің барлық халықтары мен көшбасшыларына соғысқа қарсы жаһандық жолдауын дүние жүзі мойындады. Манифест БҰҰ-ның ресми құжатына айналды. Жаһандық қарусыздандыру мәселелері барлық адамзат үшін ерекше өзектілікке ие. Манифесттің  Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне тұрақты емес мүше болып сайлануының хабаршысы болуы ерекше мәнді. Біздің еліміз халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдауға жауапты 15 негізгі мемлекеттің қатарына кірді. Бұл әлемдік қоғамның Н. Назарбаевтың жаһандық қауіпсіздікті нығайтуға қосқан жеке үлесі мен күшін жоғары деңгейде мойындауын білдіреді", - деді Б. Майлыбаев.

Сарапшы атап өткендей, Мемлекет басшысының "Әлем. ХХІ ғасыр" манифесі - жалпыға ортақ диалог пен өзара түсіністіктің жол картасы.

"Бұл анағұрлым жоғары деңгейдегі дүниежүзілік тұрақтылық пен қауіпсіздікке қатысты қолданылатын бірлескен әрекеттер алгоритмі. Елбасы манифестте жаһандық процесс іске қосатын шарттарды нақты көрсеткен - соғыссыз және халықаралық ядролық бақылаусыз бейбіт өмір. Еліміздің Президенті ядролық қаруды таратпау мәселесіндегі дара көшбасшы болып табылатыны сөзсіз. Осы мәнмәтінде Н. Назарбаев жаңа жаһандық бағдарламалық ұсыныстардың бас генераторына айналды. Бұл жаппай қырып-жою қаруының жаңа түрлерін жасау жөніндегі ғылыми жаңалықтарды бақылау және қаруды ғарышта, дүниежүзілік мұхиттың бейтарап суларында, Арктикада орналастыруға тыйым салу", - деп қосты Б. Майлыбаев.

Сондай-ақ, саясаттанушы әлемдік елдердің әскери бюджеттері өсіп келе жатқанын және жүздеген миллиард доллармен есептелетінін, "дүниежүзілік даудың туындау ықтималдығы өсіп келе жатқанын" атап өтті.

Осыған байланысты, сарапшының айтуы бойынша, Ел Президенті дүниежүзілік қоғамды жалпы әлемдік проблемалар мен қауіп-қатерлерді шешуге барынша күш салуға шақырады. 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай