05 шілде 2016 17:00

Әлеуметтік желіде АҚШ-тағы терактіні ақтап жазған экс-прокурордың ісін Астана қалалық ІІД тергеп жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Экс-прокурордың әлеуметтік желіде АҚШ-тағы теракт жайлы жазған пікірлерін Астана қалалық ІІД өкілдері зерттеп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Осыған дейін бұрынғы прокурордың әлеуметтік желіде терактілерді ақтап шыққан пікірлері қолданушылардың жағасын ұстатқан болатын. 


Экс-прокурордың әлеуметтік желіде АҚШ-тағы теракт жайлы жазған пікірлерін Астана қалалық ІІД өкілдері зерттеп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Осыған дейін бұрынғы прокурордың әлеуметтік желіде терактілерді ақтап шыққан пікірлері қолданушылардың жағасын ұстатқан болатын. 

Нақтырақ айтқанда, прокуратураға шағым түсірген Никита Баев Бауыржан Есеновтың АҚШ-тағы гей-клубта болған атысқа қатысты пікіріне наразы болды. Полицияға хабар берген қолданушы қорлық мәндегі сөзді прокуратура қызметкері жазды деп атаған еді. 

Айта кетейік, мұнда мәселе Орландода 12 маусымда болған теракт жайлы болып отыр. АҚШ азаматы Омар Матин гей-клубта 50 адамды атып өлтірген болатын. Сонымен қатар, 53 адам зардап шекті. Шабуылшыны полицейлер өлтірді. CNN мәліметінше, Орландодағы оқиға АҚШ тарихында бұрын-соңды болмаған ірі қырғынсаналып отыр. 

Кейін ҚР Бас прокуратурасының өкілдері АҚШ-тағы террорлық актілерді ақтаған Бауыржан Есеновтың әлеуметтік желілерде жазған пікірлеріне қатысты мәлімдеме жасап, оның қазіргі уақытта прокуратура органдарында жұмыс істемейтінін мәлімдеген еді.

Ал Бауыржан Есеновтың өзі Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында АҚШ-тағы терактіні ақтайтын ешқандай да пікір жазбағанын мәлімдеді. Болған оқиға жайлы ол таныстарынан біліпті. Есенов Бас прокуратураға хабарласып, әлеуметтік желідегі аккаунтын бұзып кірген адамдарды жазалауын сұрап отыр.

"Менің ВКонтакте желісіндегі парақшама біреулер бұзып кіріпті. Таныстарымның айтуынша, белгісіз біреулер бүгінге дейін менің атымнан агрессиялық мән-мағынада ненорматив лексикамен жазып жүр екен. Қазір мен өз парақшама кіре алмай жүрмін. Себебі құпиясөзді өзгертіп тастаған", - деді Бауыржан Есенов. 

Ал бүгін бұл деректің Астана қалалық ІІД-де тіркелгені белгілі болды. 

"Бұл істі Астана қалалық ІІД-де сотқа дейінгі тергеулердің бірыңғай реестрінде ҚР Қылмыстық кодексінің 174-бабының 1-бөлігі бойынша ("Әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк, тектік-топтық немесе дiни алауыздықты оздыру") бойынша тіркеу туралы шешім шығарылды. Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Есеновты және осы іске қатысы бар адамдарды анықтау бойынша жұмыстар жүріп жатыр", - деп хабарлады ҚР ІІМ Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің редакцияның ресми сауалына берген жауабында.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети