20 қыркүйек 2016 10:31

Алғаш рет қазақстандық әскери қызметші БҰҰ әскери бақылаушылары базасының командирі атанды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Қорғаныс министрлігінің сайты © Қорғаныс министрлігінің сайты

Алғаш рет қазақстандық әскери қызметші БҰҰ әскери бақылаушылары базасының командирі атанды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Қорғаныс министрлігің сайтына сілтеме жасап.


Алғаш рет қазақстандық әскери қызметші БҰҰ әскери бақылаушылары базасының командирі атанды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Қорғаныс министрлігің сайтына сілтеме жасап.

"Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде алғаш рет Батыс Сахарадағы (MINURSO) БҰҰ миссиясындағы ҚР ҚК-нің әскери бақылаушысы подполковник Асқар Қожағалиев MINURSO қолбасшысының бұйрығымен Аусард миссиясында БҰҰ әскери бақылаушыларының база командирі болып тағайындалды", - делінген хабарламада. 

Аусард жауапкершілігінің аймағы 43 000 шаршы шақырымды құрайды және Оум дрегтен кейін аумағы бойынша ауқымдылардың бірі болып табылады. Ол Марокко армиясы Корольдігінің бақылауындағы аумақта тұрған Батыс Сахараның оңтүстік бөлігіндегі Берманың шығыс бөлігінде орналасқан.

Базада әр елден, яғни, Аргентина, Бангладеш, Бразилия, Германия, Гвинея, Мысыр, Йемен, Қытай, Сальвадор, Индонезия, Ирландия, Мексика, Пәкістан, Португалия, Ресей, Франциядан жиналған барлығы 45 әскери қызметші бар.


Суреттер ҚР Қорғаныс министрлігің сайтынан алынды.

Айта кетейік, подполковник Асқар Қожағалиев миссияға 2015 жылдың 25 қарашасында 12 ай мерзімге жіберілді. Ол ҚР ҚК Әскери академиясының түлегі болып табылады. Қазақстандық бітімгершілік батальонда, Қазақстандық бітімгершілік бригадада, ҚР ҚК Құрлық әскерлерінде қызмет атқарды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети