31 қазан 2016 11:51

Алғашқы бес ел ЭКСПО-2017 павильондарын қабылдады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© ia-centr.ru © ia-centr.ru

ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінің ұйымдастырушылары алғашқы бес ел: Мажарстан, Германия, Қытай, Түркия және Францияға көрме павильондарын тапсырды, - деп хабарлайды strategy2050.kz сайты.
 
Мажарстан павильонының ауданы 411,9 шаршы метрді құрайды. Ұйымдастырушылардың айтуы бойынша, павильонның "Болашақтың энергиясы баршамызды біріктіреді" атты тақырыбы елдің географиялық, экономикалық ерекшеліктері мен қолжетімді энергия көздеріне негізделген. Павильон су, күн және жел елі болып табылатын Мажарстанның сипатын атап өтіп, электр және қалалық жоспарлау саласындағы ең жаңа қондырғыларды көрсетеді. Сондай-ақ, көрме аясында 2017 жылғы 20 тамыз Мажарстанның ұлттық күні болып белгіленді. Комиссар болып Нандор Картези тағайындалды.

Германиялық павильонның ауданы 1249,5 шаршы метрді құрайды және "Энергияға бастар жолдаа деген атауға ие болады. Павильон тақырыбы тұрақты энергияны пайдалану шеңберінде ел тарихы туралы баяндайды, сондай-ақ технологиялық инновацияларды және осы саладағы жетістіктерді көрсетеді. ЭКСПО-2017 аясында германияның ұлттық күні 2017 жылғы 12 шілдеде өтеді. Комиссар - Дитмар Шмиц.

Франция ауданы 1069,1 шаршы метрді құрайтын павильонды алды және оны "Жасыл өсуге арналған энергетикалық бұрылыс" деп атады. Ел "жасыл энергетика" саласындағы өз әзірлемелерін үш кіші тақырыппен ашады: "болашақтың қаласы", "Жаңартылатын энергия" және  "Көліктің экологиялық түрлері". Келушілер көрме аясында Францияның ұлттық күнін 2017 жылғы 21 маусымда тойлай алады. Комиссар болып Паскаль Лоро тағайындалған.

Қытай ауданы 1000 шаршы метр павильонды алды. "Жасыл жібек жолы" павильонының ерекшелігі Болашақтың энергиясы арман театры болады, ол ҚХР-дың Жібек жолы бойындағы елдермен, сондай-ақбүкіл әлем елдерімен энергетикалық ынтымақтастығының жаңа ойын көрсетеді. ЭКСПО-2017 көрмесінде Қытайдың ұлттық күні 5 шілдеде өтеді. Комиссар болып Ван Цзиньчжень тағайындалды.

Көрмені ұйымдастыру мен өткізуге 300-ден астам отандық кәсіпорын жұмылдырылды, олар ердің барлық өңірінен тартылды, деді "Астана ЭКСПО-2017" ҰК АҚ" басқарма төрағасы Ахметжан Есімов. "Бүгінде Ұлттық компания үшін атаулы күн - көрменің  маңызды 5 нысанының құрылысы аяқталды: халықаралық павильондар, 1374 орындық ЭКСПО қалашық, ЭКСПО-кеңсе, ішкі істердің жеке мекемесі мен Энергияны зерттеу орталығы. Бұл нысандардың жалпы көлемі 482 мың шаршы метрді құрап отыр", - деді Ахметжан Есімов.

Ол айтып өткендей, жоба күрделі дағдарыстық кезеңде жүзеге асырылып отыр, алайда Елбасының жан-жақты қолдауының нәтижесінде  ол дағдарысқа қарсы бағдарламаға айналды. "Көрменің дайындығы  пен құрылысына 300 отандық кәсіпорын елдің барлық өңірінен қатысты. Жоба 50 мың жұмыс орнын сақтауға мүмкіндік берді. Осы құрылыс алаңының өзінде  14 мың адам жұмыс істеуде", - деді Есімов.

Компания басшысы айтқандай, құрылыс кезінде  492 миллиард теңгенің қызметі жүзеге асырылды. "Көрменің өзге нысандары бойынша  құрылыс  жұмыстары жалғасуда.  Ол - "Сфера" ұлттық павильон, конгресс-холл және қонақ үй. Келесі жылы қоғамдық алаң мен аймақты абаттандыру жұмыстары жүргізіледі", - деді Есімов. 

"Бүгінгі күн контенттік толығудың белсенді кезеңінің басталғанын білдіреді. Көрме ашылғанға дейін 222 күн бұрын біз павильондар мен тұрғын үйді тапсыра бастаймыз. Бұл уақыт сіздердің павильондарыңызды сапалы толтыру үшін жеткілікті деп ойлаймын. Өзара іс-қимылды қамтамасыз ету үшін арнайы техникалық бюро ашылды, сондай-ақ аккредиттеу орталығы жұмыс істей бастады. Өздеріңіз көріп отырғандай, біз көрмеге қатысушыларға заң консультацияларынан бастап басқа да ұйымдастырушылық мәселелерге дейін көмек көрсетуге дайынбыз",- деді Ахметжан Есімов павильондарды тапсыру рәсімі барысында.

Бүгінде 105 ел мен 17 халықаралық ұйым өздерінің көрмеге қатысатынын растағанын атап өтейік. Көрме павильондарының жалпы ауданы 78 мың шаршы метрді құрайды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети