Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.08
EUR / KZT - 391.50
CNY / KZT - 50.00
RUB / KZT - 5.64

Әлихан Бәйменов: Балаларының дауынан шенеуніктердің жұмыстан шығуы - жағымды тенденция

30 Қыркүйек 2015, 09:33
1
Әлихан Бәйменов. © ortcom.kz
Әлихан Бәйменов. © ortcom.kz

Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттіктің экс-төрағасы, қазіргі Мемлекеттік қызмет саласындағы өңірлік хабтың Басқарушы комитетінің төрағасы Әлихан Бәйменов жоғары лауазымды шенеуніктердің балаларының қылықтарынан кейін жұмыстан шығып қалып жатқан оқиғаларына қатысты пікірін білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Нақтырақ айтсақ, Бәйменов Қазақстанның ІІМ Әкімшілік полициясы комитетінің төрағасының орынбасары Бақытжан Балташевтың және осыған дейін ҚР Премьер-министрінің кеңсесінде жұмыс істеген Болат Турагелдиевтің жұмыстан шығып қалуына қатысты ойын айтты. 

"Бұл мемлекеттік қызметкердің этикасының мәселесі. Әрине, ол өзінің кәмелетке толған балалары үшін қылмыстық немесе әкімшілік жауапкершілікке тартылмайды. Ал бірақ олар сонда да жұмыстан кетіп жатса, олар бұл деректерді өздерінің сондай позицияларда және сондай қызметтерде болуымен сыйыспайтынын сезеді. Ал жалпы, мұны жағымды тенденция деп қарастыруға болады, заң жүзінде ол сол қызметте бола отырып, құқықтық жауапкершілікке тартылмаса да, өзінің жауапкершілігін түсініп, өз қызметінің маңыздылығын ескерсе және жоғары моральдық-адамгершілік талаптарға сай болуы керектігін ұқса", - деді Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында Әлихан Бәйменов.

Мемлекеттік қызмет саласындағы өңірлік хабтың Басқарушы комитетінің басшысы мемлекеттік қызметкердің жалпы этикасында олардың құқыққа, азаматтардың бостандығына, Қазақстан заңдарын сақтауға құрметпен қараудың үлгісін көрсетуге міндетті екені айтылатынын атап өтті. "Мұнда - бұл оның жеке шешімі, ал негізі ол туыстарының әрекетіне жауап береді делінетін заң еш жерде жазылмаған", - деп түсіндірді Бәйменов. 

Сонымен қатар, ол жұмыстан кету туралы шешімді жасауға әлеуметтік желілер мен бұқаралық ақпарат құралдарының айтарлықтай роль атқаратынын да айтты. "Сондықтан, көрдіңіздер ме, олар өз қалауларымен отставкаға кетті", - деді Бәйменов Бақытжан Балташев пен Болат Турагелдиев туралы айта отырып. - Мұнда мен жалпы жағымды тенденцияны байқап отырмын, айтпақшы, бұл бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілердің әсерін көрсетіп отыр, бұл - жаһандық тренд", - деді Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттіктің экс-төрағасы.

"Бұл, өз кезегінде, жоғары лауазымды тұлғалар мен өкілетті тұлғалардың және мемлекеттік қызметкерлердің туыстары мен балаларын ойландыруы тиіс. Осындай әрбір мысал мемлекеттік қызметкерлерге де сабақ болуы керек", - деді ол.

Ол қазіргі уақытта Парламентте "ҚР мемлекеттік қызмет туралы" заң жобасының бар екендігін еске салды, ал онда этика жөніндегі құзырлылардың жаңа позициясы жазылған. Жаңа позицияны заң жобасының концепциясына енгізу туралы ұсыныс 2011 жылы-ақ жасалып қойған. 

"Осы мақсатта біз мемлекеттік органдарда этика бойынша кеңесшіні немесе комиссарды құру керек деп өз кезінде ұсыныс жасадық. Бірқатар елде мұндай жағдайлар мемлекеттік органдардың ұжымдарында арнайы қаралады, себебі олар өз істері үшін қандай жауапкершілік артатынын түсінуі керек. Ал өз кезегінде балалары мен туыстары өздерінің осындай әрекеттерімен аяқтан шалатынын және жарға жығатынын түсінеді", - деп түсіндірді Бәйменов. 

Этика бойынша өкілеттінің функциясы нақтылы бір осындай жағдайларды ғана шешуге емес (мемлекеттік қызметкерлердің туыстарының дауы болған жағдайлар - Авт.), сонымен қатар, қандай да бір сыбайлас жемқорлық орын алған жағдайларды да шешуге бағытталады. Бұл, Бәйменовтің айтуынша, алдын алу-тәрбие шарасы. Ол қазіргі уақытта қолданылып жүрген мемлекеттік қызметкердің Этикасында қаулылар мен нормалар жеткілікті және оны кеңейтудің мәні жоқ. 

"Қандай жағдай болса да этикалық норма болады, себебі әрбір адам мемлекеттік қызметкердің ұстанымдарын ұғуы керек, сондай құндылық пайда болуы керек, үлгілі тәртіптің құндылығы", - деп аяқтады сөзін Мемлекеттік қызмет саласындағы өңірлік хабтың Басқарушы комитетінің төрағасы.

Еске салайық, кеше Астанада той кортежімен болған даудан ІІМ Әкімшілік полициясы комитетінің басшысының орынбасары Бақытжан Балташев жұмыстан кетті. Кортеж Балташевтің ұлының үйлену тойына байланысты жалданған. Сонымен қатар, ҚР Премьер-министрінің кеңсесінің бас инспекторы Болат Турагелдиевтің баласының Астанадағы кинотеатрлардың бірінде жасаған теріс қылығы шенеуніктің жұмыстан шығуына себеп болған еді.


Нравится
Поделиться
Пікірлерді көру (1)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай