25 ақпан 2019 16:55

Әлихан Смайылов бірінші вице-премьер - қаржы министрі қызметіне мақұлданды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Әлихан Смайылов премьер-министрдің бірінші орынбасары - қаржы министрі қызметіне мақұлданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Парламенттің сайтына сілтеме жасап.


Әлихан Смайылов премьер-министрдің бірінші орынбасары - қаржы министрі қызметіне мақұлданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Парламенттің сайтына сілтеме жасап.

Кандидатураны Қазақстанның премьер-министрінің тапсырмасымен премьер-министрдің кеңсе басшысы Нұрлан Алдабергенов таныстырды.

Нұрлан Алдабергенов Әлихан Смайыловтың қаржы саласында тәжірибесі мол екенін және барлық басқарушылық құзыретке ие екенін айтып өтті.

"Мәжіліс комитетінің мүшелері Смайыловқа бірнеше сұрақ қойып, осындай шешім қабылдады. Қабылданған құжатта Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 22-1 бабына сәйкес, премьер-министр ұсынған Смайлов Әлихан Асханұлының кандидатурасын бірінші вице-министр - қаржы министрі қызметіне мақұлдауға болатыны айтылады", - делінген хабарламада.

Депутаттар кандидатқа алдағы қызметіне сәттілік тіледі.

Айта кетейік, Әлихан Смайылов 2015 жылдан бері Мемлекет басшысының көмекшісі қызметін атқарған болатын. Оған дейін 2009-2014 жылдар аралығында Қазақстанның Статистика агенттігінің төрағасы болды. Осы күнге дейін екі рет қаржы министрінің орынбасары болып тағайындалды. Ал үкімет отставкаға кеткенге дейін қаржы министрі болған еді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети