Алик Айдарбаев жаңа қызметке келді

15 Қаңтар 2018, 12:57
0
Алик Айдарбаев жаңа қызметке келді -

"Самұрық-Қазына" ҰӘҚ басқарма төрағасының орынбасары тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ басқарма төрағасының орынбасары болып Алик Айдарбаев тағайындалды.

Қордың баспасөз қызметіндегілер Алик Айдарбаевтың тағайындалғанын растады.

"Алик Айдарбаев басқарма төрағасының орынбасары болып тағайындалды", - деді "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ өкілдері.

Осыған дейін Сергей Куяновтың "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ департамент басшысы болып тағайындалғаны хабарланған еді. Оның айтуынша, жаңа қызметке ол бүгін, 15 қаңтарда кірісті.

Сондай-ақ, бүгін "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ  жаңа құрылымының бекітілгені хабарланған еді. Жаңа құрылымға сәйкес, басқарушы директорлар саны 10-нан 5-ке дейін, департаменттер мен құрылымдық бөлімшелер саны 37-ден 27-ге дейін қысқартылды және басқарма төрағасының орынбасары қызметіне бір штаттық бірлігі енгізілді.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай