28 сәуір 2015 19:07

Әлия Молдағұлованың сіңлісіне мерген әпкесінің бейітіне баруға ақша жиналды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әліп Үсенова. © "31 арна" видеосынан алынған кадр Әліп Үсенова. © "31 арна" видеосынан алынған кадр

Әлия Молдағұлованың сіңлісі мерген әпкесінің бейітіне баратын болды. Ақтөбе тұрғыны Әліп Үсенова Псков облысындағы Монаково ауылында жерленген туған әпкесі, Кеңес Одағының батыры Әлия Молдағұлованың бейітіне барып қайту үшін билет сатып алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Атақты мерген қыздың туысы бұл сапарды бұрыннан армандаған екен.

Әліп Үсенова қазір 75 жаста, ол бұған дейін Әлия Молдағұлованың бейітіне барып, соңғы рет құран бағыштай алмаймын ба деп қорыққан болатын. Оған бұл сапар үшін 200 мың теңге қажет болды. Ақтөбелік әжей қаржыны жергілікті әлеуметтік қорғау бөлімінен сұрағанымен, олар ақшаны келгеннен кейін береміз деп уәде етіпті. Алайда қаржының көлемі айтылмаған. Бұл жағдай әлеуметтік желіде пайда болған соң, адамдар қажетті қаржыны өз еріктерімен бірнеше күнде жинап берді. Қосымша 70 мың теңгені билет алу үшін әкімдік бөліп, тағы 100 мың теңгені демеушілер атынан шенеуніктер табыс етті.

Жоспар бойынша, Әліп Үсенова 30 сәуірде Астанаға барып, ол жақтан ұшақпен Санкт-Петербургке, әрі қарай пойызбен Псков облысына жол тартады. Ол жақта мерген қыздың туғанына 90 жыл толуына және Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай іс-шаралар өтеді деп жоспарланып отыр.

Әлия Молдағұлова 1943 жылы тамызда майданға түскен. Ол 54-ші арнайы атқыштар бригадасы 4-батальонының снайпері болған (22-ші әскер, 2-ші Балтық жағалауы фронты). Батыр қыз 78 фашистің көзін жойған. Қыз 1944 жылы 14 қаңтарда жарақат алып, Псков облысының солтүстігіндегі Новосокольники ауданында қаза тапты. Әлия Молдағұловаға 1944 жылы 4 маусымда Кеңес Одағы Батыры атағы берілді. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети