Әлия Рақышева Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
Әлия Рақышева Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
"Әлия Ғалымжанқызы Рақышева Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары болып тағайындалсын", - делінген Ақорданың хабарламасында.
Ол осыған дейін Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік құқық бөлімінің меңгерушісі қызметінде болған.
Әлия Рақышева 1980 жылы 1 қаңтарда Алматыда дүниеге келген. 2001 жылы Қазақ мемлекеттік заң академиясын аяқтаған. Әділет министрлігі мен Орталық сайлау комиссиясында жұмыс істеген.