Алматыда 15 жасқа дейінгі балалар метромен тегін қатынайтын болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда 15 жасқа дейінгі балалар метромен тегін қатынайтын болды © Ярослав Радловский

Алматыда 15 жасқа дейінгі балалар метромен тегін қатынайтын болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Метрополитен" КМК-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Алайда мұндай мүмкіндік тек бір күн ғана беріледі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда 15 жасқа дейінгі балалар метромен тегін қатынайтын болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Метрополитен" КМК-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Алайда мұндай мүмкіндік тек бір күн ғана беріледі.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, "Метрополитен" осылайша 1 маусым халықаралық балаларды қорғау күніне орай кішкентай жолаушыларға сыйлық жасамақшы.

"Халықаралық балаларды қорғау күніне орай, 1 маусым күні Алматы қаласы метрополитенінде 15 жасқа толмаған балалардың жол жүруі тегін болады", - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, бұған дейін Алматыда екі жаңа метро станциясының ашылғаны хабарланған болатын. Айта кетейік, 2012 жылы тәулігіне жолаушылар ағымы 15-16 мың адам болса, ал 2014 жылы бұл көрсеткіш 24-25 мың адамға дейін ұлғайды. Үкіметтегілер жаңа станциялар ашылғаннан кейін тәулігіне жолаушылар ағымының екі есе көбейетінін айтып отыр.

 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети