12 ақпан 2019 15:39

"Алматы-1" теміржол вокзалы қалай өзгереді?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет Алматы әкімдігінің баспасөз қызметінен Сурет Алматы әкімдігінің баспасөз қызметінен

Алматы әкімі Бауыржан Байбек жұмыс сапары кезінде "Алматы-1" теміржол вокзалын аралап көрді, қаланың меншігіне берілген соң мұнда биыл реконструкция басталады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі қалалық әкімдік баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Алматы әкімі Бауыржан Байбек жұмыс сапары кезінде "Алматы-1" теміржол вокзалын аралап көрді, қаланың меншігіне берілген соң мұнда биыл реконструкция басталады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі қалалық әкімдік баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Мегаполис басшысы вокзалды модернизациялау барысында арзан, бірақ сапалы материалдар пайдаланылуы және заманауи архитектуралық шешімдер қабылдануы тиіс екенін атап көрсетті.

Мысалы, қайта жоспарлау есебінен күн сайын 11-ден 16 мыңға дейін жолаушы өткізілетді. Ал күту орындарының саны төрт есе артады.

Бұлардан өзге, адамдардың қауіпсіздігі мен жайлылығы үшін келетін және кететіндердің легі екшеленеді. Заманауи конкорлы өткелдер салынып, бұрынғы жер асты жолы кеңейтіледі және эскалаторлар қойылады.

Бұрындары "ҚТЖ" АҚ "Алматы-1" және "Алматы-2" теміржол вокзалдарын қала балансына беуі туралы шешім қабылдаған еді. Нәтижесінде Алматы әкімідігі обьектілерге қажетті реконструкция жүргізіп, бұларды мегаполистің көлік инфрақұрылымының бір бөлігі ретінде одан әрі дамытатын болады.

Жергілікті бюджет есебінен 2018 жылы екі теміржол вокзалдарының айналасы жаңарды және вокзалдардың алды қоғамдық көлікке негізделіп қайта жасақталды, жаяу жүргіншілер жүретін жерлер абаттандырылды, қауіпсіздік күшейтіліп, видео камералар орнатылды.

Айта кетейік, биылғы жылы Алматыда жайлы қала кеңістігін дамыту жұмыстары жалғасады. Бүгінгі күнге дейін қаланың тарихи орталығының үштен екісі модернизацияланды, 524 көше, 1400 ескі аула жөнделді. Көше жарығының үштен бірі диодты және энергия жинақтаушы шамдарға ауыстырылды, 300 шақырым арық және 1000 шақырым инженерлік желі қайта жасалды. Қаланың барлық жер асты өтпелі жолдары жаңғырды.

Көлік реформасын жүзеге асыру барысында өткен жылы қала бағыттарына 500 жаңа автобустар шықты. Биылғы жылы автобус парктерін жаңарту жалғасатын болады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети