23 қаңтар 2015 11:29

Алматы ағаштары бес жылда 100 мыңға азайып кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

©ru.krymr.com ©ru.krymr.com

Алдағы 60 жылда Алматы ағашсыз қалуы мүмкін, - деп хабарлайды "Экспресс К" басылымы. Өткен жылы Алматы қаласында 15 мың түп ағаш рұқсат бойынша кесілген, ал рұқсатсыз кесілгендерінің саны белгісіз.


Алдағы 60 жылда Алматы ағашсыз қалуы мүмкін, - деп хабарлайды "Экспресс К" басылымы. Өткен жылы Алматы қаласында 15 мың түп ағаш рұқсат бойынша кесілген, ал рұқсатсыз кесілгендерінің саны белгісіз.

Алматы қалалық әкімдігінің мәліметінше, 2010 жылы Алматыда 1 470 000 ағаш болған, қазір 1 360 000 ағаш бар. Өткен жылы 15 мың ағашты кесуге рұқсат берілген, "егер осылай жалғаса беретін болса, Алматыда 60 жылдан кейін ең соңғы ағаш кесіледі", - деп жазады басылым.

Бұл мәселе жақында Алматы қаласында өткен отырыста талқыланды, "Жасыл желекті қорғау" экологиялық ұйымының белсенділері бұл мәселеге қатысты шара қолданбай отырған қала басшылығы мен сол ағаштарды құрылыс үшін кесетін кәсіпкерлерге наразылығын білдірді. Бірақ әкімдіктегілер құрылыстан басқа жағдайда ағаштарды кесуге болатынын және кесу керектігін айтты. 

Әкімдіктің мәліметінше, Алматыдағы жасыл желектің 80 пайызы - 125 жыл болған ескі ағаштар, оларды бағалы тұқымды ағаштарға алмастыру қажет. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети