07 мамыр 2016 13:32

Алматы әкімі әскерге шақырылғандарды және азаматтарды Отан қорғаушылар күнімен құттықтады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Владимир Прокопенко © Владимир Прокопенко

Алматы әкімі әскерге шақырылғандарды және азаматтарды Отан қорғаушылар күнімен құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматы әкімі әскерге шақырылғандарды және азаматтарды Отан қорғаушылар күнімен құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бүгін қаладағы Абай алаңында әскерге шақырылғандарды ҚР Қарулы күштерінің қатарында қызмет етуге шығарып салу рәсіміне орай "Әскерге шақырылғандар күні" салтанатты шарасы өтті. Мерекені әкім бастап берді.

"Тәуелсіз Қазақстанның қорғаушылары, сіздерді Отан қорғаушылар күнімен және келе жатқан Жеңіс күнімен құттықтаймын! Еліңді, жеріңді қорғау қай кезде де абыройлы іс болып саналады. Қазақстан Пррезидентінің арқасында тәуелсіздік алған жылдар ішінде соғысқа қабілетті әскеріміз құрылды. Қарулы күштеріміз заманауи техникалармен, әскери кадрлармен толықтырылды. Қазір қазақстандық армия азаматтардың тыныштығын қамтамасыз етіп, мемлекеттік шекараны күзетіп жүр. Президенттің арқасында біздің көршілермен ешқандай шекаралық мәселеміз жоқ. Бұл бізге бейбіт заманда өмір сүріп, балаларымызды тәрбиелеуге, тыныш еңбек етуге мүмкіндік береді", - деді әкім.

Ол Қазақстанның Тәуелсіздік алған жылдар ішінде толағай табыстарға жеткенін атап өтті. Оның айтуынша, соңғы он жылда елдің экономикасы бес есеге өскен. Бұл елдің қорғаныс қабілетін арттыруға да ықпалын тигізді.

"Мен барлық қазақстандықтарды Отан қорғаушылар күнімен құттықтаймын. Біздің әскери қызметшілерге өздерінің міндеттерін абыроймен атқарып, "Отан қорғаушы" деген атақты абыроймен алып жүруді тілеймін", - деді әкім.

Әкімнің сөзінен кейін алаңда "Ұлан" республикалық гвардиясының курсанттары қарумен қойылым қкөрсетті. Шараға 500 әскери қызметші қатысты. Мереке әншілердің өнер көрсетуімен аяқталды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети