16 сәуір 2016 17:01

Алматы әкімі Бауыржан Байбек пен өнер жұлдыздары сенбілікке қатысты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Алматы әкімінің баспасөз қызметі © Алматы әкімінің баспасөз қызметі

300 мыңнан аса алматылық жалпықалалық сенбілікке қатысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Алматының барлық сегіз ауданында сенбілік өткізіліп, ағаштар отырғызылды.


300 мыңнан аса алматылық жалпықалалық сенбілікке қатысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Алматының барлық сегіз ауданында сенбілік өткізіліп, ағаштар отырғызылды.

Сенбілікке қала тұрғындарымен қоса әкім Бауыржан Байбек, әкімнің орынбасарлары, әкімдік аппараты мен басқармаларының қызметкерлері, мәслихат депутаттары, қоғамның белсенді мүшелері, мәдениет, өнер қайраткерлері мен спортшылар қатысты.

Олардың қатарында ҚР Халық әртісі Роза Рымбаева, әнші Әли Оқапов, бокстан Сидней Олимпиадасының чемпионы Ермахан Ыбрайымов, Қазақ Мемлекеттік Академиялық фольклорлық-этнографиялық "Отырар Сазы" оркестрінің дирижері Дінзухра Тілендиева, бокстан спорт шебері, әйелдер арасында бокстан әлем чемпионы Назым Қызайбай, "МузАрт" тобының әншісі, ҚР Еңбек сіңірген әртісі Сәкен Майғазиев, эстрадалық және джаз орындаушы Жанна Орынбасарова, мәслихат депутаты әрі актер Асылхан Төлепов және басқалар бар.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, сенбілікте 16 мың түп ағаш отырғызылды. Оның ішінде 50 қылқан жапырақты ағаш шағын Баум орманы маңына егілді. Жалпы, көктемде қалаға 20 мыңға жуық ағаш отырғызылған. 

Қоқысты жинауға 853 арнайы техника жұмылдырылып, 10 265 текше метр қоқыс шығарылды. Қаланың санитарлық жағдайын жақсарту мен көріктендіруден бөлек, эстетикалық көркін жетілдіруге де ерекше көңіл бөлінді. Қоршау, турникет, тіректер мен орындықтарды, сауыттар мен жарнамалық қалқандарды бояу жұмыстары жүргізілді.

Еске сала кетейік, 4 сәуірде "Медеу" өңірлік табиғи паркінде сенбілік өтіп, оған 500-ден аса адам қатысты. Сенбілік барысында 1000 түп үйеңкі мен ақшаған отырғызылды. Тазалық акциясына "Медеу" паркінің қызметкерлері, сонымен қатар Қазақстан шоу-бизнесінің жұлдыздары қатысты. Олардың арасында Алматы қалалық мәслихатының депутаты Асылхан Төлепов, тележүргізуші Тәуекел Мүслім және Аян Өтепберген болды. Сенбілікке қатысушылар "Медеу" паркінің территориясын, Кіші Алматы өзенінің арнасын қоқыстан тазалады. Осы аумақтан 60 текше метр тұрмыстық қатты қалдықтар шығарылды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.57   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети