10 шілде 2019 17:36

Алматы әкімі хайуанаттар паркіне барды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© instagram.com/sagintayev.b/ © instagram.com/sagintayev.b/

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Медеу ауданында болды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. 


Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Медеу ауданында болды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. 

"Алматының хайуанаттар паркінде болдым. Сол жерде істің жағдайымен таныстым. Хайуанаттарды ұстауға және олардың денсаулықтарына қатысты шешімін күткен мәселелер бар. Мұнда келушілер мен парк қонақтарының дұрыс көңіл көтерулері және тынығулары үшін оның айналасын абаттандыру, жайлы орындар жасау керек. Медпункттердің, ана мен бала бөлмесінің, заманауи балалар қалашығының болғаны жөн. Тоғандар мен хайуанттар вальерлерін жөндеу қажет. Алматының хайуанаттар паркінің құрылғанына 80 жылдан астам уақыт өтсе де ол үнемі қалалықтар мен балалардың сүйікті орны болып келді және солай болып қала береді!", - деп жазды әкім Instagram желісіндегі парақшасында. 

Қала әкімі Facebook желісіндегі парақшасында Медеу ауданының жұмыс үдерісімен танысу жайында жазды.

"Мұнда инфрақұрылым дамыған. Дегенмен, тұрғындарды алаңдататын бірқатар мәселелер бар. Ауданда құрылыс қарқынды жүргенімен, оқушы орындары мен балалар алаңдары жетіспейді. Аудан әкіміне коммуналды желілердің жағдайына, стихиялы тұрақтарға, аймақты тазалауға, Думан, Аққайың ықшам аудандарындағы жолдар мен судың сапасына назар аударуды тапсырдым. Көшелерді жөндегенде мүмкіндігі шектеулі жандарға кедергісіз орта қалыптастыруға айрықша назар аудару керек. Ыңғайлы тротуарлар және қозғалыс бөлігінен өту үшін қауіпсіз жаяу жүргінші жолдары қажет", - деп жазды қала басшысы. 

Бұлардан өзге, салынып бітпеген ТК үлескерлеріне, топырақ көшетін қауіпті аймақтардағы жеке үйлерге қатысты проблемалар жетерлік. Осы мәселелердің барлығын жіті тексеретін боламыз.

Медеу ауданын аралаған кезде Горный қиылысындағы учаскені көрдім. Бірқатар жеке үйлер қауіпті аймаққа салынған әрі жыл сайын жауыннан топырақ шайылып, алаңдаушылық туғызуда. Сондықтан әкімдік пен ТЖД бұл мәселені дұрыс шешу бойынша ұсыныс берулері тиіс. Бұдан былай өкілетті құрылымдар жеке түрғын үй салу үшін жер бөлу кезінде табиғи құбылыстарды ескере отырып, қауіпсіздікті басты назарда ұстағандары абзал. Құрылысқа бақылауды барынша күшейту қажет.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети