1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Алматы әкімі жеке коттедждерді балабақшаларға беруді ұсынды24 ақпан 2016, 11:00

© Motor.kz © Motor.kz

Алматыда балабақшалар жеке коттедждерден ашылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бауыржан Байбектің айтуынша, бұл мектепке дейінгі мекеме ғимараттарының құрылысына қаражат үнемдеуге септігін тигізеді.

"Мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында балабақшалар жеке коттедждерде жұмыс істей бастады. Адамдар кезінде 3-4 қабатты үйлерді тұрғызды. Қазір енді ол үйлерді ұстау шығыны көбейді, сату да қиынға түсіп жатыр. Осы коттеджерді балабақшаларға беруді ұсынамыз. Қазірдің өзінде мұндай 22 балабақша бар. Біз "Балапан" бағдарламасы аясында әр баладан тиісті соманы бөліп отырамыз", - деді Байбек. Ол осындай әр балабақшада 350 баладан бар екенін айтты.

Байбектің айтуынша, жыл соңына дейін тағы 12 балабақша ашу жоспарланды. Бұл бюджет қаражатын 50 миллиард теңгеге үнемдеуге көмектеседі.


Ресейде әскери ұшақ құлады