28 тамыз 2017 15:50

Алматы әкімдігі ағаш түбіне асфальт төсегендерді жазалайды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Facebook/evgeniya.leyman © Facebook/evgeniya.leyman

Алматыда ағаштардың маңына қайтадан асфальт төселіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Мұндай жағдай Түрксіб ауданындағы тұрғын үйлердің бірінің ауласында қайталанып отыр.


Алматыда ағаштардың маңына қайтадан асфальт төселіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Мұндай жағдай Түрксіб ауданындағы тұрғын үйлердің бірінің ауласында қайталанып отыр.

"Бұл балалар ойнайтын алаң. Бір апта бұрын мұнда әткеншектер, құмсалғыштар тұратын. Барлығы бар еді. Келесі жылы бұл ағаштар өліп қалады. (...)  Біз бұл ағаштарды 30 жыл бұрын бүкіл аула болып барлығымыз отырғызғанбыз. Ал енді отырғызған ағаштарымыз қирап жатыр", - деп жазған алматылық Евгения Лейман Facebook желісіндегі парақшасында.

Бүгін Түрксіб ауданының әкімі Павел Кулагин Alatau Constraction компаниясының мердігерінің ағаштарды асфальттағы алып тастауды бастағанын айтты.

"Мердігерге қатысты шараларды қолдандық. Асфальт толықтай алынып жатыр. Мердігердің жұмысын бақылаймыз. Мұнда бір жоғары білімнің қажеті жоқ сияқты, бірақ біздің адамдар ағаш түбіне асфальт төсеп тастайды. Қазіргі уақытта асфальттарды алып тастап жатырмыз. Сондай-ақ, көліктердің ағаштарға жақын маңға тоқтамауларын бақылаймын. Маған суреттерді жіберді, кешке қарай тағы да сол жаққа барып, жұмысты бақылаймын", - деді Түрксіб ауданының әкімі Павел Кулагин.


© Түрксіб ауданы әкімінің баспасөз қызметі.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.85   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети