08 шілде 2016 13:25

Алматы әкімдігі арықтарды жөндеу және жүргізу жұмыстарына 600 миллион теңге бөледі

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматы әкімдігі қазіргі жөндеу жұмыстарының жобасына және қалалық арық жүйелерін қайта қалпына келтіруге, жобалық-сметалық құжаттама дайындауға 590,4 миллион теңге бөледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл шешім мәслихат сессиясында қабылданды. Айта кетейік, депутаттар шығынның 13,1 миллиард теңгеге өсуін қолдады. Бұл қаржы арықтармен қоса, қауіпсіздік қызметі, газбен қамту, спорт, төтенше жағдайлар мен қаладағы қауіпсіздікке қажет болып отыр.

Алматы қаласының Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Мақсат Кикімовтің айтуынша, қаладағы арық жүйелерінің 50 пайызының жағдайы нашар. "Алматы-2020 "Қолайлы қала" даму бағдарламасының "Таза қоршаған орта" бағыты бойынша арық жүйелерінің 18,2 шақырымын жөндеуге 495 миллион теңге бөлінді. Сонымен қатар, 95,4 миллион теңгеге 194 шақырымға созылатын арық желілерінің құрылысына және 72 шақырымға созылатын арық желілерін қайта қалпына келтіру жұмыстарына жобалық-сметалық құжаттама жасалады деп жоспарланып отыр", - деді Кикимов.

Өз кезегінде қала басшысы Бауыржан Байбек жөндеу жұмыстарына өзекті жерлердің таңдалғанын айтты. "Адамдар ең көп тұратын, күнделікті өмірге кедергі келтіретін көлік саны көп жерлер мен тұрғындардан шағым көп түсетін жерлерді таңдадық. Көбісі осы қалаға қосылған аумақтарда. Сіздер білесіздер, үнемі су астында қалатын аудандар - Алатау және Наурызбай аудандары. Бұл мәселелерді бірден жүйелі түрде шешу керек", - деді әкім.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети