21 қыркүйек 2017 09:11

Алматы әкімдігі жер телімдерін жекеменшік иеліктен мәжбүрлі шығару шараларын бастады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© yvision.kz © yvision.kz

Алматы қаласы әкімдігі жер учаскелерін немесе басқа да жылжымайтын мүлікті мемлекет пайдасына мәжбүрлеп иеліктен шығару шараларын бастады. Мұндай қаулы "Вечерний Алматы" газетінде жарияланды. 


Алматы қаласы әкімдігі жер учаскелерін немесе басқа да жылжымайтын мүлікті мемлекет пайдасына мәжбүрлеп иеліктен шығару шараларын бастады. Мұндай қаулы "Вечерний Алматы" газетінде жарияланды. 

Құжатқа қарағанда, мұнда мәселе Медеу ауданында, Рысқұлов даңғылы мен Құлжа тасжолы қиылысындағы жер учаскелері жайлы айтылып отыр. Иеліктен шығару мақсаты - көлік жолайрығының құрылысы. 

"Мәжбүрлеп жекеменшік иелігінен шығару мерзімін 2017 жылдың 31 желтоқсаны бекітілсін; мүлік иелерін қабылдау орны деп Алматы қаласы, Алмалы ауданы, Төле би көшесі, 155, 514-ші кабинет бекітілсін; Алматы әкімдігі аппараты жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында бұл қаулыны қабылданған сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде жарияласын; Алматы қалалық жер қатынастары басқармасы мүлік иелерін хабарландырып, заңда бекітілген тәртіп бойынша жер телімдерінің иелеріне өтемақы берсін, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының заңманасында қарастырылған өзге де қажетті шараларды қабылдасын", - делінген 2017 жылдың 19 қыркүйегінде шыққан № 3/240-2064 қаулыда.

шара аяқталғаннан кейін жер телімдері Алматы қалалық Қаржы басқармасының балансына өтіп, иелік құқығы тіркеледі. 

"Бұл қаулыны орындауға бақылау Алматы қаласы әкімінің орынбасары Сұтанбек Мәкежановқа берілсін", - делінген құжатта. 

Қаулының қосымшасында мәжбүрлі иеліктен шығарылатын жер телімдерінің тізімі жарияланды. олардың қатарында мына нысандар бар: "Magnum Cash&Carry" ЖШС, "Caspian Food" ЖШС, "Ақбастау логистик" ЖШС.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети