14 ақпан 2018 | 16:19

Алматы әкімдігі қала тұрғындары мен қонақтарын сақ болуға шақырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда 2018 жылғы 14 ақпаннан 15 ақпанға қараған түні жаңбыр жауып, арты қарға айналады, қар көп түсіп, оның артынан көк тайғақ болады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Алматы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Иконка комментария блок соц сети

Алматыда 2018 жылғы 14 ақпаннан 15 ақпанға қараған түні жаңбыр жауып, арты қарға айналады, қар көп түсіп, оның артынан көк тайғақ болады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Алматы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Жолдың көлік жүретін бөлігінде мұз қатып, тайғанақ болуы мүмкін, сондықтан жол апаты жағдайлары қаупі жоғары болуына байланысты автокөлік жүргізушілеріне жеке көлікті пайдаланудан бас тартып, қоғамдық көлікпен жүруді ұсынамыз. Жеке көлікпен жүруге қажеттілік артқан жағдайда, көлік жүргізушілерін жылдамдықты азайтып, автомобильдер арасындағы қашықтықты сақтауға және асықпай жүруге шақырамыз. Адамдар жаяу жүргіншілер жолымен жүруі кезінде сақ болуды, көпқабатты үйлердің шатырынан қар, мұз құлауы мүмкін болғандықтан, жаяу жүргіншілерді биік үйлерге жақын жүрмеуді сұраймыз", - делінген хабарламада. 

Сондай-ақ, автокөлік құралдары кедергісіз қозғалуын қамтамасыз ету мақсатында күндізгі уақытта және 15 ақпаннан 16 ақпанға қараған түні жолдардан жиналған қарды шығару жұмыстары жүргізіледі.

"Осыған байланысты, Алматы қаласының әкімдігі автокөлік иелерін қар тазалау жұмыстарын жүргізуге түсінікпен қарауды және жол жиектеріне қойылған автокөлік құралдарын, әсіресе түнгі уақыттарда, алып тастауды сұрайды", - дейді әкімдік өкілдері.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети