23 ақпан 2019 13:49

Алматы әкімдігі қосалқы станция салу үшін жер телімдерін алып жатыр

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы әкімдігі қосалқы станция салу үшін жер телімдерін алып жатыр. Тиісті қаулы "Вечерний Алматы" газетінің сайтында жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Алматы әкімдігі қосалқы станция салу үшін жер телімдерін алып жатыр. Тиісті қаулы "Вечерний Алматы" газетінің сайтында жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Қала әкімдігіндегілер Түркісіб ауданындағы "Қайрат" шағын ауданында "Тұздыбастау" қосалқы станциясының құрылысы үшін Star Land ЖШС-ға тиесілі жер телімін мәжбүрлеп иеліктен шығаруды бастау туралы қаулы шығарды. 

Бұл процесті 2020 жылдың 31 желтоқсанына дейін аяқтау жоспарланып отыр.

Барлық сұрақ бойынша алынатын жердің иелері Алматы қаласы жер қатынастары басқармасына Төле би көшесі, 155, 514 бөлме мекен-жайы бойынша бара алады. 

Басылымда аталған басқарма өкілдері меншік иелерін хабардар етуге және заңда белгіленген тәртіппен өтемақы төлеуді қамтамасыз етуге, мәжбүрлеп иеліктен шығару жөніндегі іс-шаралар аяқталғаннан кейін аумақтарды қаржы басқармасының балансына беруге міндетті екенін атап көрсетеді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети