10 қазан 2014 15:14

Алматы әкімдігі мотоциклшілердің өтінішін қарастырады

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Tengrinews.kz ©Tengrinews.kz

Мотоциклшілердің Алматы қаласының кейбір көшелерімен жүруіне тыйым салуына қарсы өтінішін ІІД әкімшілік полиция басқармасы қарастырады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қаласы әкімінің орынбасары Юрий Ильинге сілтеме жасап. Алматы мотоциклшілері қаланың ірі көшелерімен жүруге тыйым салатын белгілерге қарсылық білдірген еді.

"Хат (Алматы мотоциклшілерінен. - Авт.) келді, бүгінде біз оны жол полициясына жолдадық. Бізде Саин - Райымбек - Луганский - әл-Фараби шаршысындағы көшелермен жүруге регламент бойынша тыйым салынған, ал басқа көшелермен жүре берсін, әрине. Ал өтініш қазір қарастырылып жатыр. Сосын, егер қаласа мемлекеттік орган өкілдерімен жиналамыз, осы мәселелер жөнінде сөйлесеміз", - деді Ильин. Билік жатын аудан тұрғындарының тыныштықты бұзу жайлы өтініштерімен қоса байкерлердің қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының көптігін алға тартып отыр.

Өз кезегінде Әкімшілік полиция басқарма өкілдері Алматы мотоциклистерінің жасаған өтініші жайлы пікір білдірмеді. Еске сала кетсек, Алматы мотоциклистері екі дөңгелекті көлікпен күн бойында жүруге мүмкіндік беруді сұраған. Жазылған петицияда байкерлер тыйымның себебін нақтылауды сұрады, одан басқа осы тақырыптағы мәселелерді шешу жолдарын ұсынған. Олардың айтуынша, тыйым салынған белгілер пайда болған соң, Алматы мотоциклистері жол қозғалысында ғана шектеліп қоймай, сонымен бірге құқықтары да шектелген. "Жұмысқа немесе үйге бару қиындады және бұл заңға жиі қайшы келіп жатыр", - деп жазды олар.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети