18 қараша 2016 16:01

Алматы әкімдігі таулы аймақтарда жүретін 65 автобус сатып алады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© People&Countries; © People&Countries;

Алматы әкімдігі таулы аймақтарда жүретін 65 автобус сатып алуды жоспарлап отыр, көліктер таулы аймақтарда жүруге бейімделген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бұл туралы қаладағы көлік жүйесін реттеу мәселелері жөніндегі жиналыста Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Мақсұт Исақов мәлімдеді. 

Автобустар шалғай ауылдарда орналасқан, яғни таулы мекендерде тұратын адамдарды көлікпен қамтамасыз ету үшін сатып алынбақ. "Бізд аз адамға шақталған 65 автобустың қаражатын есептеп, дайындап қойдық. Олар таулы мекендерде жүруге бейімделіп жасалған көліктер, бұған дейін қалалық тасымалдаушылардың иелігінде мұндай көліктер болмаған", - деді басқарма басшысы. 

"Сонымен қатар, 2017 жылы троллейбус жүретін жолдарды көбейтіп, жаңа маршруттар қосуды жоспарлап отырмыз. "Осыған қоса 100 аялдама бекеті салынады. "Келесі жылы Рысқұлов-Емцов және Рысқұлов-Құлжа тас жолында жолайрықтар алынады. Осылайша, 2019 жылға дейін тез жүру көлік шеңбері толығымен іске қосылады", - деді Исақов. 

Оның айтуынша, осы күнге дейін қалада 40 шақырым веложолдар салынған, 100 мыңнан аса шаршы метр тротуарлар мен 120 аялдама салынған. Қоғамдық көлікке арналған жол алты көшеде салынды, оның жалпы қашықтығы 86 шақырымды құрайды. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети