Алматы әкімдігіне келіп, қонақтар бөлмесінде қамалып алған Евгений Рычков 2007 жылы өртеніп кеткен үйі үшін сақтандыру компаниясымен соттасқан. Бұл туралы "Альянс Полис" сақтандыру компаниясының өкілдері Tengrinews.kz тілшісінің ресми сауалына қайтарған жауабында айтты.
Алматы әкімдігіне келіп, қонақтар бөлмесінде қамалып алған Евгений Рычков 2007 жылы өртеніп кеткен үйі үшін сақтандыру компаниясымен соттасқан. Бұл туралы "Альянс Полис" сақтандыру компаниясының өкілдері Tengrinews.kz тілшісінің ресми сауалына қайтарған жауабында айтты.
"Моторное бюро" ЖШС-нің өртенген үйді қайта қалпына келтіру бойынша өткізген бағалауына сәйкес, сақтандыру компаниясы 1,74 миллион теңгені ер адам несие алған банкке төлеп береді. "Альянс Полис" сақтандыру компаниясының сақтандыру келісімшартындағы шарттарға сәйкес, пайда көруші "Альянс Банк" банкіне қарыз несиені жабуға төлем жасалды. Түрлі сот инстанцияларында болған сот актілерінде баға берілді, оған сәйкес, заңнама және құқық нормаларын бұзушылық болмады", - деп хабарлады сақтандыру компаниясының өкілдері.
Еске сала кетейік, Рычков лаңкестік жайлы жалған мәлімет таратқаны үшін қамауда екі ай бойы отырады. Сонымен қатар, оның бұған дейін сотталғаны белгілі. Оқиға 13 қаңтарда болды. Бастапқы кезде Алматы әкімдігінің қоршауға алынғаны белгілі болды, ал жолдың қарсы бетіндегі ғимараттарда орналасқан БАҚ өкілдері шұғыл эвакуацияланды. Ер адам қалалық әкімшілік ғимаратына жарылғыш затпен келді делінді. Кейін полицейлер Рычковтың тәртіп сақшыларына берілгенін хабарлады.
Сол күні кеште БАҚ-тарда ер адамның бірнеше телеарнаға телефон соғып, өзін Евгений деп таныстырғаны хабарланды. Ол бұл әрекетімен осыдан бірнеше жыл бұрын шығарылған сот шешіміне наразылығын білдіргісі келгендіктен әкімдікке жарылғыш затпен келгенін айтты. Жарылғыш зат туралы мәлімет расталмады.