21 желтоқсан 2017 13:56

Алматы әкімдігінің өкілдері қала басшысы ауысты деген қауесетке қатысты пікір білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы әкімдігінің өкілдері қала басшысы ауысты деген қауесетті жоққа шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматы әкімдігінің өкілдері қала басшысы ауысты деген қауесетті жоққа шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бұрынғы қалыпта жұмыс істеп жатырмыз", - деді Алматы әкімдігі баспасөз қызметінің өкілі Тимур Базарбаев. 

Айта кетейік, әлеуметтік желіде Алматы әкімі болып Асқар Мырзахметовтің тағайындалғаны кеңінен таралып жатыр. Ол мұның алдында премьер-министрдің орынбасары - ауыл шаруашылығы министрі қызметінде болған. 

Еске салайық, 15 желтоқсанда Өмірзақ Шөкеев "Самұрық-Қазына" басшысы қызметінен кетіп, ҚР премьер-министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі болып тағайындалды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети