16 қазан 2015 15:09

Алматы әкімінің жаңа орынбасарлары тағайындалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Коллаж © Тengrinews.kz Коллаж © Тengrinews.kz

Алматы әкімінің жаңа орынбасарлары болып Арман Қырықбаев пен Әсел Жүнісова тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Олар Зәуреш Аманжолова мен Мұрат Құдышевтің орнына келді, бұрынғы орынбасарлар басқа жұмысқа ауысуға байланысты қызметтерінен кетті.


Алматы әкімінің жаңа орынбасарлары болып Арман Қырықбаев пен Әсел Жүнісова тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Олар Зәуреш Аманжолова мен Мұрат Құдышевтің орнына келді, бұрынғы орынбасарлар басқа жұмысқа ауысуға байланысты қызметтерінен кетті.

Қырықбаев ішкі саясат, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, жастар саясаты, тілдерді дамыту және өзге де мәселелерге жауапты болады. Ал Жүнісова экономика, бюджетті жоспарлау және қаржы мәселесімен айналысады.

Айта кетейік, Қырықбаев 2014 жылдың ақпан айынан 2015 жылдың тамызына дейін "Нұр Отан" партиясы төрағасының бірінші орынбасары болды. Оған дейін мәдениет және ақпарат вице-министрі (2012 жылдың ақпаны - 2013 жылдың желтоқсаны), Қарағанды облысы әкімінің орынбасары, ҚР МАМ Мәдениет комитетінің төрағасы (2010 жылдың қаңтары - 2012 жылдың ақпаны), Мәдениет және ақпарат министрілігі Мәдениет комитетінің төрағасы (2008 жылдың ақпаны - 2010 жылдың қаңтары) қызметтерін атқарған.

Жүнісова бұған дейін "Нұр Отан" партиясы Орталық аппаратын басқарды (2014 жылдың ақпаны - 2015 жылдың қаңтары). Оған дейін кей жылдары партия ОА басшысының орынбасары, ҚР Президенті Әкімшілігінің стратегиялық әзірлемелер және талдау орталығы меңгерушісінің орынбасары және ҚР Президенті Әкімшілігінің стратегиялық әзірлемелер және талдау орталығының меңгерушісі болды.

Еске сала кетейік, бұған дейін Алматы әкімінің бірден үш орынбасарының қызметінен кеткені хабарланған болатын. Қызметтерінен кеткендер: Юрий Ильин, Зәуреш Аманжолова мен Мұрат Құдышев. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети