19 тамыз 2015 08:31

Алматы әлемдегі өмір сүруге қолайлы қалалардың үздік жүздігіне кірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Ярослав Радловский © Ярослав Радловский

Алматы әлемдегі өмір сүруге қолайлы қалалардың үзік жүздігіне кірді. Economist Intelligence Unit зерттеу компаниясы 140 қаланың тізімін жасады, - деп хабарлайды Herald Sun.


Алматы әлемдегі өмір сүруге қолайлы қалалардың үзік жүздігіне кірді. Economist Intelligence Unit зерттеу компаниясы 140 қаланың тізімін жасады, - деп хабарлайды Herald Sun.

Қалаларға баға беру бес пункт бойынша жүзеге асырылды: тұрақтылық деңгейі, денсаулық сақтау саласы, мәдениет пен қоршаған орта, білім беру және инфрақұрылым. Мүмкін болған 100 балдан Алматы 65,3 балл иемденді: тұрақтылық - 75, денсаулық сақтау - 66,7, мәдениет пен қоршаған орта - 57,6, білім беру - 66,7, инфрақұрылым - 60,7.

EIU рейтингінде Аустралияның Мельбурн қаласы 97,5 балмен бірінші орынды алды, Аустрия астанасы Вена (97,4) екінші, одан кейінгі орындары Канаданың Ванкувер қаласы (97,3) және Торонто (97,2), аустралияның Аделаида қаласы (96,6) алды. Олардан кейін Калгари (Канада), Сидней (Аустралия), Перт (Аустралия), Окленд (Жаңа Зеландия) және Хельсинки (Финляндия) тұр.

Өмір сүруге қолайлы қалалардың ішінде Сирияның Дамаск (29,3) қаласы, Бангладештің Дакка (38,7), Порт-Морсби (Папуа-Жаңа Гвинея), Нигерияның Лагос (39,7), Ливияның Триполи (40), Пәкістанның Карачи (40,9) қалалары, Алжир астанасы (40,9), Зимбабве астанасы Хараре (42,6), Украина астанасы Киев (43,4), Камерунның Дуала қаласы (44) және Иран астанасы Тегеран (47,2) бар.

Рейтингке Санкт-Петербург (77-ші орын, 74,1 балл), Мәскеу (81-ші орын, 72,8 балл) және Ташкент (116-ші орын, 54,6 балл) қалалары да кірді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети