11 наурыз 2015 14:19

Алматы арнайы мәртебеге ие болуы керек - Назарбаев

ПОДЕЛИТЬСЯ

©panoramio.com ©panoramio.com

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Алматыға арнайы мәртебе беруді ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Алматыға арнайы мәртебе беруді ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Алматы қаржы орталығын құру процесі созылып кетті, ол жаңа қарқын алуы керек. Мұнда түбегейлі қайта қарау маңызды. Алматы үшін Дубайдағыдай, басқа елдердегідей бизнеске арналған өз заңнамасымен бірге арнайы мәртебе құру керек. Бұл аса қажет", - деді Назарбаев "Нұр Отан" партиясының съезінде. 

Бұған дейін Мемлекет басшысы қаржылық жаңа байланыстырушы көпірлерді салу қажеттігін айтқан болатын. Оның айтуынша, Алматы өңірлік қаржы орталығы осындай үлкен әлеуетке ие. Мемлекет басшысы туризмді дамытудың жаңа бағдарламасын қабылдау керектігін де айтты. "Бұл - ауылдық жерлерде артық еңбек ресурстарын сиретудің маңызды мәселесі. Бізде урбанизация өте әлсіз, ауылда әлі күнге дейін халықтың 43 пайызы тұрады, оның 26 пайызы ауылда жұмыс істейді. Сервис компаниялары, туризм абсорбциялануы керек", - деді ол. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети