12 қараша 2019 | 11:35

Алматы әуежайы түркиялық компанияға сатылуы мүмкін

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов Алматы әуежайын түркиялық компанияға сату жоспары туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов Алматы әуежайын түркиялық компанияға сату жоспары туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Қазір түркиялық бір компаниямен келіссөздер жүріп жатыр. Дәл қазір ештеңе айта алмаймын, өйткені бұл әлі бітпеген іс. Алматы әуежайы жеке компанияның иелігінде, сол себепті реализация жүріп жатыр. Азаматтық авиация комитетімен келісу мәселелері бойынша қажетті шаралар істелініп жатыр", - деді министр үкімет отырысында. 

Реклама
Реклама

Атамқұлов осы қадам арқылы қызмет көрсету сапасы жақсарып, қосымша инвестиция тартылатынын айтты. 

"Менің білуімше, бірнеше әуежайды иелік ететін компания келе жатыр. Оның ішінде екі әуежай Францияда орналасқан. Алматы әуежайы - Орта Азиядағы ең ірі әуежайлардың бірі. Бізге модернизация мен жолаушылар терминалын жөндеуден өткізу керек. Мұның барлығы жолаушылар үшін. Жыл санап алматылық әуежай арқылы ұшатын жолаушылар саны артып келеді. Таяуда министрліктің бұйрығымен "ашық аспан" жобасы қабылданды, бұл бағыттарды көбейтуге мүмкіндік береді", - деді ИИДМ басшысы. 

Ашық дереккөздер мәліметінше, Алматы халықаралық әуежайының 100 пайыз акциясы нидерландтық Venus Airport Investment B.V. компаниясына тиесілі. 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная