Алматы әуежайында ұшақтың шассиі өртенді

03 Ақпан, 17:12
0
Алматы әуежайында ұшақтың шассиі өртенді - © Tengrinews.kz
© Tengrinews.kz

Алматы әуежайында Bombardier CRJ-2 ұшағының шассиі өртенді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Азаматтық авиация комитетіне сілтеме жасап. 

Оқиға салдарынан экипаж мүшелерінен ешкім зардап шеккен жоқ. Ұшу жолаушыларсыз іске асырылған. Оқиға ұшақтың ұшып-қону алаңында қону сәтінде болған. 

"Бүгін KATA AIR Sudan шетелдік компаниясының Bombardier CRJ-2 ұшағы Алматы халықаралық әуежайында жоспарлы ұшу кезінде қону барысында шассиінде түтін шыққан. 

Алматы әуежайының іздеу және апатты құтқару қызметі жедел түрде қауіптің бетін қайтарды. Екі адамнан құралған экипаж мүшесі зардап шеккен жоқ. Осы дерекке қатысты ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің көлік оқиғалары мен оқыс оқиғаларды тексеру департаменті тергеу бастады", - делінген ААК хабарламасында. 

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай