Алматы қаласы Көлік холдингіндегілер шаһардағы қоғамдық көліктерде қолма-қол төлем жүйесін енгізу туралы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алматы қаласы Көлік холдингіндегілер шаһардағы қоғамдық көліктерде қолма-қол төлем жүйесін енгізу туралы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Айта кетейік, 2016 жылдың 20 маусымынан бастап қоғамдық көліктерде бір реттік жол жүру билеттерін беретін арнайы терминалдардың орнатылып жатқаны хабарланды. Бір реттік жол жүру билеттерінде бағыттың номері, көліктің мемлекеттік номері, жолдың уақыты көрсетіліп, "Оңай" логотипімен белгіленіп тұрады.
Алматы Көлік холдингі директорының міндетін атқарушы Садыр Хамраевтың айтуынша, бір реттік жол жүру билеттер мен қолма-қол төлем жүйесін енгізу тұрғындардың пікірлері негізінде енгізіліп отыр. Айта кетейік, Алматыда қоғамдық көліктерде заңды түрде қолма-қол төлем жүйесін ертеңнен бастап, яғни 21 маусымнан бастап қолдануға болады. "Әкімнің тапсырмасы мен қаланың тұрғындары мен қонақтарының өтініші бойынша бір реттік жол жүруге мүмкіндік беру қажет болды. Бір реттік жол жүру билеттерін ертеңнен бастап енгіземіз. Автобустарда бір реттік жол жүру билеттеріне арналған терминалдар орнатылады. Яғни, бәрін бірден орната алмаймыз. Біртіндеп, ертең бірнеше автобусқа, кейін қалған автобустарға біртіндеп орнатамыз", - деді Хамраев. Сонымен қатар, ол болашақта жолақының 120 теңгеге өсуі мүмкін екенін айтты.
Сонымен қатар, холдингтегілердің айтуынша, қазір қалалық қоғамдық көліктерді жол жүру билеті жаңа билеттер бойынша 80 теңге болып қала бермек. Кейінірек Алматы қаласының әкімдігі мен мәслихатының шешімі бойынша "Оңай" жүйесінің тарифтері қаралады.
Айта кетейік, бір реттік жол жүру билеттері көлік карталары мен "Оңай" билеттерімен бірге қоса жүреді.
"Басты мәселе - қолма-қол ақша, яғни жүргізушілердің жолаушылардан қолма-қол ақша алуы. Бұл, әрине, "Оңай" жүйесі бойынша түсетін қаражаттың азаюына себеп болды. Қазір біз бір реттік жол жүру билеттерін енгізіп жатырмыз. Енді бізде автобустардағы төлемді қадағалауға мүмкіндік туды. Дегенмен бізде бақылау-ревизиялық қызметтің қызметкерлерінің билетсіз жүргендерді сол жерде-ақ жауапкершілікке тарта алмайтыны қиындық туғызып тұр. Сондықтан ІІД қызметкерлерін шақыруға тура келеді", - деді Садир Хамраев.
Айта кетейік, осыған дейін қала әкімі Бауыржан Байбек Алматыдағы жеке инвесторлардың газбен жүретін 200 жаңа автобус сатып алатынын айтқан болатын. Қалада қазір шамамен 1600 автобус жұмыс істейді