26 мамыр 2015 | 13:54

Алматы балабақшасындағы ТЖ: Зардап шеккен алты бүлдіршін ауруханадан шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Ярослав Радловский © Ярослав Радловский

Алматы балабақшасындағы төтенше жағдайдан зардап шеккен балалардың жағдайына қатысты дәрігерлер түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматы балабақшасындағы төтенше жағдайдан зардап шеккен балалардың жағдайына қатысты дәрігерлер түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бүгінгі таңда барлық баланың жағдайы жақсы, алтауы ауруханадан шықты. Алайда балабақшаға толық жазылмайынша бара алмайды. "Балабақшада зардап шеккен балалардың екеуі орталықта қалды. Бұл екеуі бастапқыда жан сақтау бөлімінде жатқандар. Ұл баланыкі - жырымдалған жара, ал қыз баланың жамбасы сынған, бірақ қозғалмаған. Жағдайлары жақсы, өмірлеріне қауіп жоқ. Олар қазір бөлімшеде, медициналық көмекке мұқтаж. Балалар 10-14 күндей бізде болады. Алты бала ауруханадан шықты, олар үйде емделеді", - деді Алматы қалалық №1 балалар клиникалық ауруханасының бас дәрігері Абай Құсайынов. Ал оқиға болған күні ауруханаға жеткізілген тоғызыншы балаға қатысты айтатын болсақ, ол ұл бала құлап, жарақаттанған, балабақшадағы оқиғаға қатысы жоқ. Құсайыновтың айтуынша, ол да ауруханадан шықты. 

Еске сала кетейік, қайғылы оқиға 20 мамырда сағат шамамен 12.00-де болды. Жүргізуші әйел, куәгерлердің айтуынша, артқа қарай жоғары жылдамдықпен жүріп келе жатып, балабақша қоршауына соғылған. Көлік, тәрбиешілердің айтуынша, 26 бала ойнап отырған балалар алаңына барып түскен. Бір бүлдіршін қаза тауып, тағы сегізі жарақат алып, Алматы қалалық №1 балалар ауруханасына жеткізілді. Кейін тағы бір баланың ауруханаға жеткізілгені белгілі болды. Тергеу жүріп жатыр, әйел екі айға қамалды. Балабақша қалыпты режимде жұмыс істеп тұр, алайда қазір ата-аналар балабақша аумағын жолдан қоршап тұрған қоршауды мықтылау туралы мәселені көтеріп жатыр.

Читайте также
Join Telegram
Алматыда жер сілкінді

Валюта бағамы

 492.2   529.13   5.02 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети