Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.32
EUR / KZT - 392.58
CNY / KZT - 50.02
RUB / KZT - 5.64

Алматы балабақшасындағы төтенше жағдайға кінәлі әйел оқиға кезінде мас болмаған

21 Мамыр 2015, 12:21
0
© Роза Есенқұлова
© Роза Есенқұлова

Алматы балабақшасында болған төтенше жағдайға кінәлі әйел оқиға кезінде мас болмаған, - бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек айтты.

"Медициналық куәландыру нәтижесі жүргізуші әйелдің оқиға кезінде мас болмағанын көрсетті. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды, яғни үш тәуліктің ішінде сот жүргізушіге қатысты қандай шараның қолданылатынан шешеді. Бұған дейін істі болмаған, қылмыстық жауапкершілікке тартылмаған", - деді Әзірбек.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, көлік құралын басқарған - 46 жастағы әйел. Полиция оны оқиға болған сәтте бірден ұстады. Көлік, тәрбиешілердің айтуынша, 26 бала ойнап отырған балалар алаңына барып түскен. Бір бүлдіршін қаза тауып, тағы сегізі жарақат алып, Алматы қалалық №1 балалар ауруханасына жеткізілді. Кейін тағы бір баланың ауруханаға жеткізілгені белгілі болды. Соңғы мәліметтер бойынша, зардап шеккен екі бала ауыр халде, жан сақтау бөлімінде жатыр. Дәрігерлердің айтуынша, балалар жабық бассүйек-ми жарақатын алған. Қолдың, бастың терісі зақымданған.

Айта кетейік, бүгін, 21 мамыр күні таңертеңнен бері алматылықтар қыз бала қайтыс болған балабақшаға гүл апарып жатыр. Балабақша қалыпты режимде жұмыс істеп тұр, бірақ қаза тапқан Кәусар есімді қыз болған топ бүгін жабық. Қыз бала бүгін жер қойнауына тапсырылады.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай