28 сәуір 2017 18:07

Алматы барахолкасында адамдар су басқан жертөледен 50 теңге төлеп өтіп жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыдағы барахолканың кейбір қызметкерлері ақша табудың ерекше жолын тапты. Арбамен жүк тасып жүрген ер адамдар енді адамдарды жертөледен 50 теңгеге тасып жүр, - деп хабарлайды Tеngrinews.kz тілшісі.


Алматыдағы барахолканың кейбір қызметкерлері ақша табудың ерекше жолын тапты. Арбамен жүк тасып жүрген ер адамдар енді адамдарды жертөледен 50 теңгеге тасып жүр, - деп хабарлайды Tеngrinews.kz тілшісі.

Оқиғаның куәгерінің айтуынша, ол таңғы уақытта базарға өзінің жеке шаруаларымен келген. "Сәлем" базарынан шығар бетте ол жаяу жүргіншілерге арналған жер асты өткелімен бармақ болған. Алайда жер асты өткелі су астында қалған еді.

"Жерүсті өткелдері бар, бірақ олар "Сәлем" базарынан алыс орналасқан. Ал базардың маңында жолдан өтуге болмайды. Полицейлер бес мың теңге айыппұл салады. Сондықтан адамдарға жер асты өткелдерімен жүруге тура келеді. Ал арбамен жүк тасып жүрген жұмысшылар қазір адамдарды 50 теңгемен алып жүр. Арбамен жетіп алғысы келетіндер жеткілікті, кейде тіпті кезекке тұрады. Адамдарды тасымалдауға үлгермей жатады. Кешке үйге қайтып келе жатсам, олар адамдарды әлі ақылы түрде тасымалдап жатыр. Жер асты өткеліндегі су әлі кетпеді", - дейді ер адам.

Еске сала кетейік, осыған дейін алматылық акробат жігіттің су басқан көшеден қолмен жүріп өткені түсірілген видео пайда болған еді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.73   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети