Алматы баспана салу жөнінен рекорд орнатты

26 Желтоқсан 2014, 16:30
0
Алматы баспана салу жөнінен рекорд орнатты - ©Тұрар Қазанғапов
©Тұрар Қазанғапов

Алматы қаласы тұрғын үйлерді пайдалануға беру жөнінен абсолют рекорд орнатты, - деп хабарлайды Тенгри FM радиосының ақпарат қызметі Ranking.kz агенттігінің мәліметтеріне сілтеме жасап. 

Биыл мегаполисте 1,2 миллион шаршы метр тұрғын үй тапсырылған. Агенттіктің мәліметінше, оңтүстік астананың бұған дейінгі рекорды 2010 жылғы 1,1 миллион шаршы метр болды. Алматыда осы жылдың 11 айында салынған баспананың көлемі 2013 жылы қолданысқа берілген шаршы метрлерден 1,5 есеге артық. Тұрғын үй салу көрсеткіштерінің артуы еліміздің 12 аймағында тіркеліп отыр. Тапсырылған шаршы метрлер бойынша үздіктер қатарында Алматы қаласымен бірге, Шығыс Қазақстан, Қызылорда және Павлодар облыстары тұр. Жалпы, биыл Қазақстан бойынша 6,3 миллион шаршы метр баспана салынған.

Еске сала кетейік, бұған дейін 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап елімізде жаңа тұрғын үй бағдарламасы бойынша баспаналар салынатыны хабарланған болатын. Сонымен бірге бұл бағдарлама бойынша үйлердің шаршы метрінің құны қанша болатыны да жария етілген еді. 

 

 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай